Биыл облысымыздың әлеуметтік саласында еңбек ететін 6 қызметкер сыбайлас жемқорлыққа жол берді. Іс сотқа жетіп, кінәсі дәлелденді. Олардың қатарында Алға аудандық білім бөлімінің басшысы, Шалқар орта мектебінің және Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің директорлары бар.


Сондай-ақ, ұлттық біліктілік тестілеуінен өту үшін жалған сертификат пайдаланған 123 мұғалім анықталды. Салдарынан мемлекет бюджетіне 100 миллион теңгеден астам шығын келтірілген. Бұл туралы облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында айтылды. Бұдан бөлек, тағы екі мәселе күн тәртібіне қойылды. Кеңес мүшелері атқарылып жатқан жұмыстарды жария етіп отыру маңызды екенін атап өтті