Облыс әкімі Мұғалжар аудандағы сапарында Ақтөбе-Қандыағаш тас жолын қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Республикалық маңызы бар жол өңірдегі ірі жобалардың бірі болғандықтан жолды 4 жолаққа кеңейту - басты мақсат. Сондай-ақ, жол торабында: көпір, мал айдайтын жол мен темір жол арқылы өтетін эстакада салу қарастырылған. Құрылысты «Сине Мидас Строй» серіктестігі өз қолына алған.