Іздеуде жүрген 18 күдікті ұсталып, іс-түссіз кеткен 6 ақтөбеліктің тұрғылықты мекенжайы анықталды. Олардың біреуі былтыр қараша айынан бері хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде болған. Адамдардың барлығы 15-16 наурыз аралығында облыс аумағында болған "Іздестіру" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында табылған.