Мәртөк аудандық мәслихатының депутаттары да Сенат депутаттығына кандидат ұсынды. Олар да Амангелді Нұғмановты құп көріп отыр. Айтып өтейік, үміткер осы аудандағы Жаңатан ауылында дүниеге келген. Ақтөбе ауыл шаруашылығы техникумын агроном мамандығы бойынша бітірген. Будапешттегі халықаралық құқық қорғау органдары академиясын, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару және Лондондағы бизнес академияларын үздік бітірген. Кандидат «Ерен еңбегі үшін» медалімен, алты мерейтойлық медальмен марапатталған. «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі де бар. Аудандық мәслихат депутаттары Амангелді Нұғмановтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, Сенат депутаттығына кандидат етіп ұсынды.