Жеңіс күнінде қолына қару алып ұрыс даласына аттанған батыстың қос шынары Әлия мен Мәншүкті айтпай кетуге болмас. Оның үстіне биыл Әлия Молдағұлованың туғанына 95 жыл. Осыған орай облыста бірнеше шара қолға алынбақ. Әлия Молдағұлованың мерейтойына орай қаланың Батыс-2 ауданында батыр қыздың музейі салынады. Әзірге туған жері Бұлақ ауылына жол салынды. Жаңа кітап баспадан шықты. Мерген қыз Ресейдің Новосокольник ауданында Казачиха деген жерде қаза болып, осында жерленген. Бейнеқорда сөйлеп отырған кісі Әлияның майдандас құрбысы. Новосокольникте қазақ батырларына деген құрмет ерекше. Себебі, осы қаланы азат етуде жерлестеріміздің ерлігі орасан. Қаланың орталығында Әлия Молдағұлованың ескерткіші орнатылған. Жергілікті өлкетану мұражайында Әлия Молдағұлова бұрышы да бар екен. Сонымен қатар, 2019 жылы Санкт-Петербургте де батыр қызға ескерткіш қойылды. Әлия Молдағұлованы 45 жыл зерттеген Ғалымжан Байдербес Мәншүк Мәметова туралы да деректер жинады. Ақтөбедегі медицина колледжіне оның есімін беруге ат салысты. 11-ші шағын аудандағы көшенің атын Мәншүкке қайтарды.
ҒАЛЫМЖАН БАЙДЕРБЕС
"ҚОС ШЫНАР" ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Менің бір жасағаным Әлия мен Мәншүкті біріктіргенім... + екеуінің ерлігі де однотипный...
Бірі снайпер, бірі пулеметпен жауды жайратқан батыр қыздарды бір-бірінен айыруға болмайды. Өйткені екеуі тағдырлас, қазақтың қос шынары...
ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА