Жұмысшы мамандықтар бойынша білім алу тегін. Аспаз, тігінші, дизайнер, кондитер маманы боламын деушілер үшін Ақтөбе сервис колледжінің есігі айқара ашық. Яғни, олар "100 нақты қадам" Ұлт жоспары межелеген мақсат-міндетке сәйкес ақысыз білім алады. Бүгін оқу орны жоғары сынып оқушылары үшін ашық есік күнін өткізді. 

Бұл колледжде 5 мамандық бойынша мамандар даярланады. Олар-  аспаз, кондитер, тігінші мен дизайнер. Шаштараз курсы да бар. Бұл мамандық иелеріне қазір сұраныс жоғары. Колледж түлектерінің дені-тағам саласында бинес ашып алған. Үйде отырып та, ақша табатындары көп. 

Колледж 9 бен 11-сынып оқушыларын қабылдайды. Оқуға қабылдау маусымның 20-нан тамыздың 20-на дейін екі ай бойы жүреді. Тегін білімге қызыққан  жоғары класс оқушылары Ашық есік күніне көп келді. 


Мемлекет жұмысшы мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттерге зор көмек көрсетуде. Ұл-қыздарымыз енді тегін оқиды. Әлемдегі күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, біздің елде жаңа мейрамханалар мен дәмханалар ашылуда. Бұл жерлерде аспаздар мен кондитерлеріміз аса қажет.  

Қазір колледжде 400-ге жуық ұл-қыз тегін білім алуда. Оқу орны болашақ жұмыс беруші кәсіпорындармен келісімшартқа отырған. Сондықтан, түлектердің барлығы еңбек нарығында орын табатынына сенімді.