АЛҒАДАҒЫ АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР
Жаңа балалар ойын алаңдары мен демалыс орны бой көтеріп, электр желілері жаңартылды. Жолдар жөнделіп, аулалар абаттандырылды. Бұл - Алға қаласында атқарылған жұмыстардың бір парасы ғана. Ауқымды жобалар ең алдымен тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырып, қаланың сәулеттік келбетін жақсартуға бағытталған.