Негізгі Жаңалықтар МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢДЫ ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢДЫ ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Еліміздің мемлекеттік қызмет жүйесінде мінсіз бедел институты, жаңа цифрлық кадрлық тетіктер және мемлекеттік қызметшілерге арналған кеңейтілген әлеуметтік кепілдіктер енгізілуде. Бұл тұста 1 шілдеден бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңды іске асыру мәселелері облыс әкімі төрағалық еткен аппарат мәжілісінде қаралды. Онда салаға жауапты департамент басшысы жаңа Заңның негізгі ережелеріне жан-жақты тоқталып, құжат мемлекеттік қызмет жүйесін кешенді жаңғырту, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру, сервистік және азаматқа бағдарланған басқару моделін енгізу, кадрлық үдерістерді цифрландыруға және кадр саясатын жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.  


Бөлісу

Аймақтық телеарналар