Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында қаладағы Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратында заңсыз делдалдық қызмет ұйымдастырған бір топ тұлғалардың қылмыстық әрекетін әшкереледі. Жедел деректерге сәйкес, олар өздері жалға алған бірнеше кабинетте шетел азаматтарын тіркеу саласында жалған құжаттарды пайдалана отырып, ақылы негізде делдалдық қызмет көрсеткен. Қазіргі уақытта аталған тұлғалардың Орта Азия елдерінен келген шетел азаматтарына заңсыз құжат рәсімдеумен айналысқаны анықталды. Жалған құжаттарды дайындау, қолдан жасау және өткізу фактісі бойынша тіркелген қылмыстық іс аясында күдіктілердің қылмыстық әрекеттерін құжаттандыруға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.