Қазақстанның Еңбек ері, қоғам қайраткері Құралай Байменова Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебінде орналасқан №541 референдум учаскесінде дауыс берді. 18 жасынан ел өміріндегі саяси науқандардан қалыс қалмайтын тұлға үшін бұл күн айрықша. Ол әр азамат өз болашағы үшін дауыс беруі керек дейді.