Абаттандыру, сапалы интернетпен қамту және аялдама орнату. Сондай-ақ стихиялық қоқыс орындарымен күресу үшін тұрғын алаптарды бейнебақылау камераларымен жабдықтау. Осы және өзге де мәселелер "Астана" ауданы әкімінің халық алдында есеп беру кездесуінде көтерілді. Бұл жоспарланған тоғыз кездесудің — төртіншісі.