Облыс әкімі Асхат Шахаров азаматтарға кезекті жеке қабылдау өткізді. Онда өңір тұрғындарын алаңдатқан әлеуметтік маңызы бар және инфрақұрылымдық мәселелер қаралды.
Жеке қабылдауға қала мен облыс аудандарының тұрғындары келіп, ем-дом мен оңалтуға қаржылай көмек көрсету, көпбалалы отбасыларды қолдау, тұрғын үй алу мәселесі, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем беру жөнінде өтініштерін білдірді. Сонымен қатар, зейнеткерлер, жалғызбасты аналар және мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар сияқты әлеуметтік осал топтардың баспана жағдайына қатысты бірқатар өтініш түсті.
Бұдан бөлек, қоғамдық ұйымдардың бастамалары қаралып, оның ішінде жауынгерлік іс-қимыл ардагерлерін қолдау, тұрғын үй және жер телімдерін беру мәселелері талқыланды. Барлық өтініш пен көтерілген мәселе заң талаптарына сәйкес қарастырылмақ.