Хромтауда аудан әкімінің төрағалығымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған аудандық актив отырысы өтті. Жиында қатысушыларға Конституциялық комиссияның жұмысы және жарияланған жаңа Ата заң жобасының негізгі бағыттары мен ережелері жан-жақты түсіндірілді. Көп алдында аудандық мәслихат төрағасы Эльмурат Болатов Конституциялық комиссияның қызметі мен жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары туралы айтты. Яғни, жобаның мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, заң үстемдігін күшейтуге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтеруге бағытталғаны атап өтілді. Спикерлер конституциялық үдерістің ашықтық, диалог және қоғамдық келісім қағидаттарына сүйене отырып жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Аудан активі жаңа конституция жобасын толық қолдады.