Ақтөбе медицина орталығында ревматология бөлімшесі ашылды. Бөлімше 16 орынға бейімделген, ал жалпы орталықта 4 ревматолог маман бар. Ревматикалық аурулары бар науқастармен жылына 400-ге жуық қабылдау жүргізіледі.
Айтып өтелік, буын-бұлшық ет және сүйек сырқаттары көбіне 20-45 жас аралығындағы жандарда кездеседі. Созылмалы, яғни толық емделмейді. Сондықтан созылмалы дерті бар жандарға жағдай жасауға жаңа бөлімше мол пайдасын тигізбек.