=Сонымен қатар, Конституцияның жаңа нұсқасы облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері мен ардагерлер қатысқан жиында таныстырылды. Маңызды құжат елдің саяси, экономикалық жағдайына икемделіп, болашаққа бағыттаушы бағдаршам ретінде белгіленді.
Озық мемлекеттердің тәжірибесі де ескерусіз қалған жоқ. Онда адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің басты басымдығы ретінде жарияланды.
Бірлік пен ынтымақ, этнос және діндер арасындағы келісім Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде белгіленген. Ақтөбелік зиялы қауым Ата заңның жаңа нұсқасына пікір білдірді.