Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда: «Елдегі автокөлік жолдарын халықаралық стандарттарға сай жаңғырту – айрықша маңызды міндет» екенін баса айтты. Бұл ретте «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» көлік дәлізінің Қызылорда – Ақтөбе арасындағы бөлігін кеңейту туралы тапсырма бергенін де тілге тиек еткен болатын. Енді аймақта 4 жолақты күре жолдың құрылысы басталмақ. Жұмыс барысы қалай жүзеге асады, сала мамандары айтып берді.