Ақтөбеде оқушылар арасында V облыстық математикалық олимпиадасы өтті. Білім додасына 5 пен 6-сынып оқушылары қатысты. Интеллектуалдық сайыс «Ақбебек» халықаралық мектебінің базасында болды. Олимпиаданың өтуіне «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы мұрындық болды.