2026 жыл - 26 қоғамдық кеңістік. Биыл шаһардағы бірнеше бос алаң абаттандырылып, жаңа кейіпке енеді. Демеушілердің қаржысына бой көтеретін сквер-саябақтардың жобасын бүгін қала әкімі Азамат Бекет таныстырды. Ерекше ландшафтық идеяларын ұсынған студенттер қомақты сыйақымен марапатталды.