Көк туымыздың желбіреп тұрғанын көргенде, ерекше қуаныш сезіледі. Бүгінгі ұлттық құрылтайда Президент осылай деді. Мемлекет басшысы байрағымызды көліктерде, үйлерде, көшелерде, спорттық және өзге де іс-шараларда кеңінен қолдану - ұлт ретінде біртұтас екеніміздің айқын белгісі екенін айтты. Расында, бұл елге деген мақтаныш пен азаматтардың бірлігін айшықтайтын көрініс. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта мемлекеттік рәміздер туралы заңға жаңа нормалар мен ережелер енгізілетінін атап өтті. Ел тұрғындары да ұлттық нышандарды әспеттеу идеясын қолдап отыр