"Заң және тәртіп" қағидаты аясында білім алушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатта қаладағы №4 жалпы білім беретін орта мектепте "Жасөспірім және заң" атты онкүндік басталды.
Шара барысында тәртіп сақшыларымен бірлескен түрлі басқосулар жоспарланған. Бүгін полицейлермен алғашқы кездесу кеші өтті.
Жиында жасөспірімдердің құқығы, алаяқтардың құрығына ілінбеу, интернеттегі қауіпсіздік тақырыптары қаузалды.