Бүгін Қызылорда қаласында V Ұлттық құрылтай басталды. Онда ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын өзекті мәселелер талқыға түсуде. 


Жиынның әлеуметтік-мәдени даму секциясын Премьер-министрдің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Білім-ғылым секциясын Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек тізгіндеді. Жалпы, 2 күнге жалғасатын келелі жиынның алғашқы күнінде 4 панельдік секция бойынша отырыстар өтті. 


Ал ертең Президент еліміздің келешек даму бағдары туралы ойларын ортаға салмақ.