Өткен демалыста Әйтеке би ауданы маңындағы тас жолда Тәжікстаннан Ресей Федерациясына бағыт алған, бірақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты қозғалысын жалғастыра алмаған автобусты аймақ тәртіп сақшылары байқап, ондағы жолаушыларға дереу көмек көрсеткен. Жолда қалған көлік салонында 55 шетел азаматы болған. Сонымен қатар, полицейлер нақ осы күні ауа райының күрт салқындауына қарамастан,

Хромтау ауданына қарасты Бөгетсай ауылының маңында тағы бір жолда қалған жолаушыларға көмек қолын созған.