1 қаңтардан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік саны 31-ге жетті. Бұл санаттағы азық-түлік бағасына тұрақты бақылау жүргізіледі. Бұл аптада қызанақ - 12%, қатты ірімшік - 8%, күріш - 4%, алма - 3% пайызға арзандаған. Дегенмен, бағасы төмендеген тізімдегі тағамдардың төртеуі ғана. 10 тағам түрінің бағасы керісінше, өскені байқалып отыр.