Шалқарда қос қуаныш. Ауданға қарасты Бозой, Шілікті ауылдарында көптен күткен маңызды әлеуметтік нысан – заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. 


Жаңа спорт кешенінің құрылысы мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған жүйелі қолдаудың нәтижесінде жүзеге асырылды. Заманауи талаптарға сай салынған кешен ауыл тұрғындарына бұқаралық спортпен тұрақты түрде айналысуға мүмкіндік береді. 


Енді балалар мен жастар бос уақытын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға қолайлы жағдай жасалып отыр.