Облыста "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн "акциясы жалғасуда. Сауда ойын-сауық орталығында өткен сурет көрмесі де осы бағытқа арналды. Медицина университетінің студенттері өз жұмыстарын ұсынып, өзекті мәселеге қатысты көзқарастарын білдірді. Жастар мәселені шешу жолдарын ұсынды. Қазылар алқасы экспозицияға енгізілген үздік 23 жұмысты таңдап алды. Мақсат - көрме арқылы көптің назарын зорлық зомбылық мәселесіне, оның алдын алуға бағытталған шараларға назар аудару.