Қала көшелері 150 түп көшетпен толықты. Демалыс күндері кәсіпкерлердің демеушілігімен әкелінген 150 қарағай отырғызылды. Күзгі ағаш отырғызу акциясына қала әкімі Азамат Бекет, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері мен санитарлық тазалықпен айналысушы жұмысшылар қатысты.