"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамы-Қазақстанның ірі мұнай-газ өндіруші кәсіпорындарының бірі. Компанияда бес жарым мыңға жуық адам жұмыс істейді, олар ірі өндірістік және әлеуметтік жобаларды іске асыра отырып, өңір экономикасының дамуына тұрақты түрде елеулі үлес қосуда. Мұнда қызметкерлердің жайлы жұмыс істеуі мен демалуы үшін оңтайлы жағдай жасалған. Мұнайшылар мәдени шаралардан да қалыс қалмайды. Жақында Жаңажол вахталық кентінде Ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт өтті.