Қобда ауданының Бестау, Әлия ауылдарында су жүйелері қайта жаңғыртылып, Бегалы мен Жиренқопада құбыр жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Қазір халықтың 98 пайызы таза ауыз су тұтынып отыр. Ал, көгілдір отын игілігін көрген халықтың санын 93 пайызға жеткізу үшін тағы үш ауылға газ тарту жұмыстарын қолға алды. 9 айды қорытындылаған аудан басшысы биылғы жетістіктер мен алдағы жоспарын бөлісті.