Қалада «QAZAQ жылқылары» көрмесі өтті. Оған Алматы, Ақтөбе, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 15 шаруашылық қатысты. Бәрі де өзі баптап отырған асыл тұқымды жылқыларды әкелді. 


Қазіргі кезде облысымыздағы шаруашылықтарда жылқы саны 400 мыңға жуықтайды. Оның тек 11 мыңы асыл тұқымды.