Бүгін 25 қазан - Республика күні. 2022 жылдың 16 шілдесінде өткен Ұлттық құрылтайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынған еді. Содан бері, бұл күн ұлттық деңгейде аталып өтеді.
Республика күні – елдің тарихындағы маңызды кезеңді еске алып, мемлекеттілікті дәріптейтін ерекше мереке. Өңірде де салтанатты шаралар ұйымдастырылып, аймақтың дамуына үлес қосып жүрген жандар марапатталды.
Жиын Ту көтеру рәсімінен басталды.