Қалада грек-рим күресінен облыстық ашық турнир өтіп жатыр. Оған 2011-2013 жылы туған жасөспірімдер қатысып, бақ сынады. Жарыс Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы Мұханбетжан Зарлықовтың 70 жас мерейтойына арналды. 


Бозкілемге барлығы 187 бас спортшы шықты. Мақсат - ардагер спортшыға құрмет көрсетіп, күрестің осы түрін дамыту. 


Жеңімпаздар ертең анықталады.