Өңірде «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық шаралары үздіксіз жүргізіліп келеді. Биылдың өзінде қалалық жастар ресурстық орталығы белсенділерінің қатысуымен 30-ға жуық экологиялық іс-шара ұйымдастырылып, ал оған 3 мыңнан аса жас қатысты. Көше, жол бойында сенбілік жасап, өзен-көлдердің жағасы тазартылды. Бүгін олар қала іргесіндегі «Ретро» саябақты күл қоқыстан арылтты.