Жыл соңына дейін мыңнан астам ақтөбелікке пәтер беріледі. Тұрғын үй кезегінде тұрған мұқтаж азаматтардың мәселесін шешу басты назарда -деді облыс әкімі. Ал, жыл бітсе де құрылысы қаржыға бола кешеуілдеп тұрған жобаларды аяқтау үшін қосымша қаражат берілетінін жеткізді. Тек мердігер жауапты болуы тиіс. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма бірінші сессиясында депутаттар бюджетті нақтылады.