Самары-Шымкент тасжолының Белқопа ауылы маңында жүк көлігі мен жолаушылар тасымалдайтын ГАЗель соқтығысты. Салдарынан екі жүргізуші мен 10 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. 


Алдын ала анықталған мәлімет бойынша жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кеткен. Қазіргі кезде аман қалған 5 жолаушы Хромтау аудандық ауруханасына жатқызылды. 


Тергеу жүріп жатыр.