Аутизмі бар балаларға қолжетімді оңалту мен сапалы ем – қоғам жауапкершілігі. Аутизм спектріндегі балаларды оқыту мен дамытудағы жаңа тәсілдер, әлеуметтік бейімдеу және еңбекке баулу. Бұл тақырып Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі өткізген басқосуға арқау болды. 


«Қамқорлыққа толы қоғам – аналардың арман-мүддесі» атты жиынға білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту саласының мамандары, мектепішілік әкелер мен аналар кеңестерінің төрағалары, әлеуметтік педагогтер қатысты. 


Негізгі мақсаты - ерекше баласы бар отбасыларға қолдау, қоғамда мейірім мен қамқорлық құндылықтарын дәріптеу.