Биыл Қобда ауданында 7 адам қайтарымсыз грант иегері атанды. Оларға 11 млн теңге берілді. Нәтижесінде жергілікті тұрғындар өз ісін бастап, бизнес жобасын іске асыруға мүмкіндік алды. Кәсіп бастағандардың көбі - әйелдер.
өз өлкесінің экономикасын көтеріп, отбасының әл-ауқатын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізіп жүр. Арасында көпбалалы аналар да бар.
Соның бірі - қобдалық Эльмира Бекжанова. Ол ауданда массаж салонын ашты. Емдік массаж орталығында сұранысы жоғары.