Қобдада ауыл шаруашылығы қызметкерлері мерекесіне орай бәйге өтті. Атшабар алаңда сәйгүлік тізгіндеген шабандоздар жарысты. Ал балуандар боз кілемде белдесіп, кіл мықтыдан шын мықтыны анықтады. Осылайша жиналған жұртшылық алдында ұлттық спортымыздың құндылығы дәріптелді.