Оқиға орнынан обьективті ақпарат тарату, қолдағы деректі саралау, сөйтіп сапалы сюжет дайындау. Бұл - журналистің негізгі міндеті. Көрерменге жол тартар әр репортаж сүзгіден өтеді.
Осы жолда қалтқысыз қызмет етіп жүрген әріптесіміз Райгүл Еншібайдың биыл билік пен бұқара арасына берік көпір орнатып, журналистің қамытын кигелі он жыл.