Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, "Ақтөбе" телеарнасының ардагері Жақсылық Айжанұлы 75 жасқа толды. Қаламгердің мерейтойына орай "Ақтөбе Медиа" серіктестігі танымдық кеш өткізіп, дарын иесінің шығармашылығын насихаттады.
Өңір дамуына қосқан әдеби тұлғаға марапат беріп, құрмет көрсетті. Кешке ақын-жазушылар, студент жастар, тарихшы ғалымдар мен танымал журналист, тілшілер қатысты.