Облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттері, «Үш таған» журналының ұжымы "Қазпоштада" ашық есік күнін өткізді. Дәстүрге сай жыл сайын қазан айынан бастап баспасөзге жазылу науқаны жүреді. Себебі мерзімді басылым қоғам өмірінің айнасы.
Ашық есік күні ретінде өткізілген кездесуге пошта қызметкерлері мен кітапханашылар, «Ақтөбе Медиа» серіктестігінің өкілдері мен ардагер журналистер, оқырмандар қатысты.
Сондай-ақ «Ақтөбе Медиа» басшылығы Шалқар, Байғанин, Ойыл, Ырғыз, Мұғалжар, Темір аудандарындағы «Қазпошта» бөлімдерінің ұжымына Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады. Редакция тарапынан Ақтөбе қаласындағы бір топ мектеп кітапханашысына да құрмет көрсетілді.