2023 жылдан бері өңірде ауылдық денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту бағдарламасы іске асып жатыр. Жоспар бойынша үш ауданаралық аурухана мен 29 медициналық мекеме ашылады.
Оның 22-і қолданысқа берілді. Республика күні қарсаңында Қобда ауданында тағы екі медициналық пункт ашылды.
Жарық және Өтек ауылдарының тұрғындары енді елдімекеннан шықпай-ақ сапалы ем ала алады.