Бұл күні мерекелік жеңілатлетикалық кросс ұйымдастырылды. Көпшілік шарада спортшылар үш жас ерекшелігі бойынша бөлінді. Желаяқтардың ең кішісі үш жасар балғындар болса, үлкені 16-дағы жасөспірім. Барлығы 80 бала қатысты. Әуесқой спортшылар 60 метрден 2,5 мың шақырымға дейінгі қашықтықты еңсерді.
Бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттаған марафонға қызығушылық танытқандар көп. Балаларын қолдай келген ата -аналар да, шәкірттерін ала келген спорт мектебінің ұжымдары да белсене ат салысты.
Жарысқа қатысушы жеткіншектердің әрқайсысына мерекелік сый-сияпат берілді.