Республика күніне арналған мерекелік шаралар спорт алаңдарында да ерекше аталып өтті. Облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің Мұз айдынында шайбалы хоккейден 2017- 2018 жылғы жасөспірімдер арасындағы жолдастық кездесу ұйымдастырылды.
Ойынның басты мақсаты - жас спортшылардың тәжірибесін арттырып, салауатты өмір салтына баулу.