Медицина колледжінің студенттері қарттарға тіс протезін тегін салып берді. Бұл - оқу орнының он екі жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырып келе жатқан қайырымдылық акциясы.

Осы уақыт ішінде ерікті жастар 140 қарт пен мүгедек жанның тісін маржандай етіп, науқас қарияларға емдік массаж жасады.