Биыл жыл басынан бері облыс аумағында өзге елдің 18 мың азаматы тұратыны тіркелген. Шетелдіктердің он мыңнан астамы ТМД елдерінің өкілдері. Көші-қон полициясы басқармасының мәліметінше, Қазақстандағы еңбек нарығына қызығушылық танытқан шетелдіктердің елімізге жұмыс іздеп келуі жиілеген.