Қалада абаттандыру жұмыстары қарқын алды. Әсіресе жаяу жүргіншілер үшін жайлы орта қалыптастыру мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, осыдан 7 жыл бұрын Әбілхайыр хан даңғылының оң жақ бөлігінің тротуары ауыстырылса, биыл қарсы бетінің брусчаткасы жаңартылып жатыр.