Оңай олжаға кенелемін деп опық жеді. Алға ауданы Маржанбұлақ ауылының маңында бұланды заңсыз атып, артынша сойып алған ауыл тұрғыны ұсталды.
Тәртіп сақшылары қылмысты жедел-профилактикалық шаралар жүргізу барысында анықтаған. Тексеру нәтижесінде 30 жастағы азамат кінәсін мойындап, дала жануарын атып алғанын айтты.