Кеше Едіге батыр даңғылы бойындағы газ құю бекетінде жеңіл автокөлік өртенді. Оқиғаға көлік жүргізушісінің 25 литрлік тұрмыстық газ баллонды толтыруы сеп болған.
Яғни, құрылғыдан өрт шығып, арты шарпыған қызыл жалынға ұласқан. Дегенмен, төтенше жағдайлар қызметкерлері дер кезінде жетіп, тілсіз жауды құрықтады.
Қазіргі уақытта оқыс оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.