Вейпті заңсыз тасымалдағандар ұсталды. «Жайсаң» шекаралық өткізу пунктінде Ресей Федерациясынан келе жатқан екі жүк көлігі тоқтатылды. Облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері тексеру барысында тыйым салынған өнімдердің ірі партиясын анықтады.
Оның ішінде 13 мың вейп, 2 мың дана электрондық тұтыну жүйесіне арналған сұйықтық және 14 мың дана шылымсыз темекі өнімдері тәркіленген.