Ал "Геолог" мәдениет үйінің жанынан "Адырна" спорт клубы ашылды. Ұлттық ойындар клубы мектеп жасындағы балғындарды асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, садақ ату сынды спорт түрлеріне баулиды.

Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі ойындарын дәріптеп, оны жас ұрпаққа үйрету бастамасында құрылған бұл орталықтың тәрбиелік мәні зор.